«Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 15.04-те Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Манас көшелерінің қиылысында болды. «Субару Форестер» автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден көшені қиып өтпек болған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 16 жастағы қыз сол жерде көз жұмды, екіншісі 17 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілді», - деді Софья Қылышбекова.
Осы оқиғаға қатысты қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатына қатысты қажетті сараптамалар тағайындалған.