«Бүгін, 18 шілде күні таңертең шамамен сағат 08:00-де Республика даңғылы мен «Самал» шағын ауданы маңындағы көпірдің аркасына шығып алған 24 жастағы Астана қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Медициналық тексеру бойынша, ер адам орташа деңгейдегі алкогольдік масаңдық күйде болғаны анықталды.