Астанада көпқабатты тұрғын үйдің бірінде өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Алматы ауданындағы Айнакөл көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде балкон мен бөлмелердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: ТЖМ

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері 15 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді. Жалынның өзге бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ.

Фото: ТЖМ

Айта кетейік, бұған дейін Астананың Сарайшық ауданындағы Аманжолов көшесінде жеңіл автокөлік өртенген еді.