Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, Қорғалжын тасжолында «Рубеж» бекетінен №128 көшеге дейінгі аралықта орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты аталған учаскеде 10 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы ішінара жабылады. Көлік қозғалысы жолдың бір бөлігімен екі бағытта да ұйымдастырылады.
Ведомство жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін жол бойына уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
— Өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала ішінде жүріп-тұруды жоспарлаған кезде осы шектеулерді алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз, — деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін 19–22 тамыз аралығында Астанадағы А. Кравцов көшесінде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы ішінара шектелетіні хабарланған болатын.