— Астанада 15-20 қыркүйек күндері Рақымжан Қошқарбаев даңғылының Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы мен Абылай хан даңғылы аралығында салмақ өлшейтін датчиктерді орнатуға арналған асфальтбетон жабынан төсеу жұмысы жүргізіледі, — делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында тиісті жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, — деп ескертті әкімдіктен.
Еске сала кетейік, Астанада биыл 50 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.