Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрге жайылған.
«Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді. Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метр. Өртті сөндіру резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.