Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы 6,4862 га құрайды.
Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталды.
«Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енді»,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 25 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын жаздық.