СҚО-да 25 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бос жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекетке қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

 Атырау облысында 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

СҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қадағалаушы орган жыл басынан бері мемлекетке жалпы сомасы 497 млн теңге болатын жер учаскесін қайтарды. Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында кәсіпкерлер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Нәтижесінде меншік иелерінен жалпы ауданы 25,1 мың га жер қайтарылды.

«Қадағалау шаралары арқылы сот тәртібімен жер мемлекетке қайтарылды және бүгінде заңды экономикалық айналымға тартылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді өңір прокурорлары.

Бұған дейін СҚО тұрғыны қазақ жастарына омарташылық кәсіпті тегін үйретіп жүргенін жазған едік. Мейрамжан Кәшкеұлы сондай-ақ өзі тұратын аудандағы қазақ мектептеріне күз мезгілінде тегін бал таратады.

Соңғы жаңалықтар