Астанада күрделі жөндеуден өткен құтқарушылар жатақханасының қазіргі келбеті қандай

Фото: ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM — Астананың оң жағалауында орналасқан № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде биылғы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ТЖМ.

Жаңғырту Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша жеке құрамның қызмет ету және үй жағдайларын жақсарту мақсатында жүргізілді.

Фото: ТЖМ

Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың ақпан айында Төтенше жағдайлар министрі құтқарушылардың еңбек және тұрмыс жағдайларын бағалап, елорданың барлық өрт сөндіру бөлімдеріне барған кезде басталды. Сапар барысында қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ жеке құрам үшін еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Фото: ТЖМ

Алты айдан аз уақыт ішінде жөндеу жұмыстары аяқталып, айтарлықтай өзгерістерді қамтыды.

Фото: ТЖМ

Бөлім ғимаратының екі қабаты жаңартылды, резервтік бокс пен трансформаторлық қосалқы станцияның шатыры ауыстырылды және ғимараттың айналасындағы төсеніш бетондалды.

Фото: ТЖМ

Ішкі үй-жайлар да күрделі өзгерістерден өтті: душ, жуынатын бөлмелер, оқу сыныптары, асхана, демалыс бөлмелері және қызметтік үй-жайлар жөнделді.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Сондай-ақ, «Batyr team» спорт залы жаңартылды.

Бөлім аумағында спортпен шұғылдануға арналған жаңа workout-алаңдар және жасыл аллея орнатылды, қарағайлар мен шыршалар отырғызылды.

Фото: ТЖМ

Бұл өрт сөндірушілер мен олардың отбасыларының бос уақытына ерекше көңіл-күй береді.

Министр өңірлердегі ТЖМ нысандарының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізуді аумақтық департаменттердің бастықтарына да тапсырды. Олар да жөнделген өрт сөндіру бөлімін аралады.

Фото: ТЖМ

— Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында өрт сөндіру бөлімдерін жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Біз негізгі жұмыс жасалатын үй-жайларға ғана емес, сондай-ақ қызметтік жатақханаларға да назар аударамыз. Құтқарушылардың ыңғайлы және тиімді жұмысына ықпал ететін жағдайлар жасауға тырысамыз. Сол себепті әр аймақта қызметтік апартаменттері де бар № 23 бірегей өрт сөндіру бөліміне ұқсас кеңістік құру маңызды, — деп Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Фото: ТЖМ

№ 3 өрт сөндіру бөлімінде күн сайын төтенше жағдайларға ден қоюға белсенді қатысатын 90-ға жуық қызметкер қызмет атқарады. Екінші кезеңде қызметтік жатақханаларға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Кез келген уақытта көмекке әзір келетін құтқарушылар үшін жасалған барлық қолайлы жағдайлар олардың жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Фото: ТЖМ

Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіретін дрондарды қаншаға сатып алатынын айтты.