Бұл туралы Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Арнайы жедел-іздеу шараларын жүргізу кезінде Астана қаласының ІІД қызметкерлерімен ҚР ӘҚК-ның 336-бабы бойынша бұрын жауапкершілікке тартылған 1969 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу барысында С. есімді азаматтың террорлық әрекет жайлы хабарды мас күйінде бергені анықталды. Жүргізілген сот-медициналық сараптама күдіктінің ішімдік ішкенін дәлелдеді. Оған қатысты ҚР ҚК 242-бабының 1-тармағы бойынша (Террорлық әрекет туралы жалған ақпарат бергені үшін) қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам Астана қаласының ІІД-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
12:06, 13 Қаңтар 2014
Астанада лаңкестік әрекет жайлы жалған ақпар берген адам ұсталды
АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығына белгісіз ер адам елордада террорлық әрекет жасауға дайындық жүргізілуде деген хабар айтты.