Астанада LRT желісі Қосшыға қарай ұзартылады
АСТАНА. KAZINFORM – Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT желісін Қосшыға қарай кеңейту жоспары туралы айтып берді. Бұл туралы қала басшысы Нұра ауданында тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.
Ж.Қасымбектің айтуынша, күн сайын Қосшыдан Астанаға шамамен 15-20 мың автокөлік кіріп-шығады. Сондықтан LRT құрылысының келесі кезеңі дәл осы бағытта жоспарланған.
Бұл ретте Қосшыға қарай тартылатын бөлікті 1,5 жылда аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, желінің тағы бір тармағы Сығанақ көшесі арқылы Тұран даңғылына дейін жүргізіледі де, қаланың ескі бөлігі арқылы теміржол вокзалына дейін тартылады.
Бұған дейін Жеңіс Қасымбек бұрынғы ЦУМ ғимаратын жөндеуді кім қаржыландыратынын айтқан еді.
29 қыркүйектен бастап, Астанада LRT сынақ режимінде пайдаланыла бастады.
Сонымен бірге, LRT жолының кейбір бөлігіне электр қуаты берілді.