Қаладағы медициналық ұйымдардың мәліметінше, дүниеге келген сәбилердің 15-і – қыз, 11-і – ұл. Сайлау учаскелерінде дауыс беру өтіп жатқанда, елордалық отбасылардың шаңырағында нәрестелер дүниеге келді.
Елордадағы перзентханалардың дәрігерлері мен медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған сәбилерге тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп келеді.
Астанада ана мен баланың денсаулығын қорғауға ерекше мән беріледі. Қалада әйелдерге жүктілік және босану кезінде, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Алматы облысында сайлау күні 25 сәби дүниеге келді.