Алматы облысында сайлау күні 25 сәби дүниеге келді
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Мәслихат депутаттарын сайлау күні Алматы облысында 25 сәби дүние есігін ашты.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бүгін туған нәрестелердің 15-і – қыз, ал 10-ы – ұл бала.
Жалпы өңірде жыл сайын орта есеппен 27-30 мың бала дүниеге келеді. Өткен жылы өңірде 27 131 нәресте туған. Туу көрсеткіші бойынша Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары алдыңғы қатарда.
Еске салайық, бүгін саяси науқанға елордада Сайлаубек, Сайлауғазы және Сайлаугүл есімді тұрғындар қатысты.
Ал Алматы облысында Іле ауданында тұратын 103 жастағы соғыс ардагері Тәңірберген Толғанбаев пен Жамбыл ауданындағы 99 жастағы майдангер Федор Ковалев үйден дауыс берді.