Биылғы конференция «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналған.
Бүгінгі жиында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланып, жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтар айқындалады.
Конференция аясында білім беру саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуге арналған «Білім болашағы» атты ауқымды көрме өтіп жатыр. Қатысушыларға цифрлық құралдар, интерактивті платформалар, әдістемелік әзірлемелер мен оқу процесін икемді әрі тиімді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін көрсететін технологиялар таныстырылды.
Бағдарламада педагогтердің қатысуымен пленарлық отырыс және марапаттау рәсімі де қарастырылған.
Конференцияға қатысушылар білім беру жүйесін дамыту, оқу процесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, педагогтерді жаңа талаптарға даярлау, сондай-ақ балаларды цифрлық ортада тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыламақ.
Еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам білім саласының қызметкерлері мен еңбек ардагерлері қатысып отыр.
Өңіңрлерден келген әріптестер 13 панельдік сессияда конференция тақырыбына сай күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарына 12 мыңға жуық педагог қабылданбақ.