Жаңа оқу жылы: білім беру ұйымдарына 12 мыңға жуық педагог қабылданбақ

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарында 5 мыңнан астам жас маман қызметіне кіріседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім болды. 

педагог
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

— Өңірлердің болжамды деректеріне сәйкес, 2026–2027 оқу жылында мемлекеттік білім беру ұйымдарына 11 435 педагог жұмысқа қабылданады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 741-і (50,2%) — жас мамандар, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Айта кетейік, былтыр Қазақстандағы барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етіп жатқаны мәлім болды

Бүгінде елімізде педагогтердің 81 пайызы — әйелдер

Еске салсақ, биыл көктемде еліміздің білім беру ұйымдарында 108 572 ер педагог жұмыс істеп жатқанын жазған едік.