13:30, 04 Қазан 2025 | GMT +5
Елімізде қанша педагог жұмыс істейді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгінде еліміздің барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде 400 000-нан астам педагог мектептерде, 42 000-нан астам педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында.

Мектепке дейінгі ұйымдарда 102 000-нан астам тәрбиеші жұмыс істейді.


Айта кетелік білім жүйесінде «Еңбек Ері» атағын алған қанша ұстаз еңбек етіп жатқаны туралы жазған едік.