Астанада мемлекеттік тілден VI республикалық қашықтан өткізілетін олимпиада аяқталды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен Астанада «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты қазақ тілі бойынша өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында VI республикалық қашықтан өткізілетін олимпиада өткізді.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олимпиада мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше ықылас білдірген лингвистикалық таланттарды қолдау мақсатында оқушылар арасында жыл сайын өткізіліп келеді. Олимпиада екі тур бойынша өтті. Оn-line режимінде өткізілген бірінші турға 703 мектеп оқушысы қатысты. Қашықтан өткізілген турдың қорытындысымен ең жоғары балл алған оқушылар Щучинск қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына олимпиаданың қорытынды турына шақырылды.

Олимпиданың салтанатты жабылуы және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау 2013 жылғы 9 қаңтарда өтті. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімімен ҚР Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға Мемлекеттік тілді дамыту қорының сертификаттары мен ескерткіш сыйлықтары табыс етілді.

Олимпиада жеңімпаздары:

5-сынып оқушылары арасында: Бірінші орын - Лукашевич Надежда (Солтүстік Қазақстан облысы). Екінші орын - Ткаченко Валера (Ақтөбе облысы). Үшінші орын - Бочаров Валентин (Қостанай облысы). Грамоталармен Мурадова Мария, Ельчаников Михаил (Ақтөбе облысы), Кузьмич Елизавета (Қостанай облысы), Багаев Андрей (Солтүстік Қазақстан облысы) марапатталды.

6-сынып оқушылары арасында: Бірінші орын - Ковенский Артур (Ақтөбе облысы). Екінші орын - Журина Светлана (Солтүстік Қазақстан облысы). Үшнші орын - Петрова Юлия (Қостанай облысы), Гадрбеков Биллур (Солтүстік Қазақстан облысы), Рыбакова Юлия (Павлодар облысы), Шелубаев Павел (Қостанай облысы). Грамоталармен Людинина Анна (Павлодар облысы), Маркштедер Луиза (Солтүстік Қазақстан облысы), Скиба Александра (Павлодар облысы), Скринник Ангелина (Солтүстік Қазақстан облысы) марапатталды.

7 сынып оқушылары арасында: Бірінші орын - Ахметтайрова Аида (Павлодар облысы). Екінші орын - Валяева Людмила (Солтүстік Қазақстан облысы). Грамотамен Астафьева Анастасия (Павлодар область) марапатталды.

8 сынып оқушылары арасында: Бірінші орын - Ли Камила (Қызылорда облысы), Дикаева Седа (Қарағанды облысы). Екінші орын - Ахметтайранова Альфия (Павлодар облысы), Ким Александр (Қызылорда облысы). Үшінші орында - Евченко Анна (Астана қ.), Астрединова Ангелина (Солтүстік Қазақстан облысы), Буторина Юлия (Маңғыстау облысы).

9-сынып оқушылары арасында: Бірінші орын - Галустян Андрей (Маңғыстау облысы). Екінші орын - Базалева Анастасия (Солтүстік Қазақстан облысы). Үшінші орын - Клецко Александр (Солтүстік Қазақстан облысы), Аксёнов Вадим (Павлодар облысы). Грамоталармен Тимченко Алина (Ақмола облысы), Вильшинская Татьяна (Павлодар облысы), Янкевич Наталья (Солтүстік Қазақстан облысы).

10-сынып оқушылары арасында - Бірінші орын - Аминова Ляйсан (Павлодар облысы). Екінші орын - Носков Сергей, Кутиков Павел (Павлодар облысы). Үшінші орын - Стародубов Дмитрий (Павлодар облысы). Грамоталармен Никитина Яна, Ерзамаева Ирина, Мориц Николай (Қостанай облысы) марапатталды.

Олимпиадаға қатысу командалар жетекшілері үшін де пайдалы болды. Оларға арналып 5-11 сыныптар оқушылары үшін қазақ тілінен тесті тапсырмаларын жасау жөнінде оқыту семинары өтті.