Шараларды өткізу кезеңінде елордадағы қоғамдық тәртіп және жол қауіпсіздігі қызметі күшейтілген нарядпен жұмыс істейтін болады. Оған екі мыңнан астам полиция қызметкерлері, 200-ден астам ішкі істер департаментінің автокөлігі тартылады. Оқыс оқиға туындай қалған жағдайға шұғыл және авариялық-құтқару қызметтерімен полицияның бірлескен іс-қимылы әзірлікке келтірілді.
Қаланың жабдықтары мен сыртқы ресімделуін сақтау мақсатында полицейлер сахналық алаңдарды, мәдениет және спорт нысандарын күзетіп, заңға қайшы іс-қимылдардың орын алу фактілеріне жол бермеу шараларын қабылдайды. Мерекелік шара өтетін орындарда ІІД мен аудандық ІІБ басшы құрамдары ішінен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.
Мерекелік шаралар өтетін күндерде шараларға қатысушыларды, елорда қонақтарын тасымалдау үшін автокөліктер бөлінді, бұдан басқа, жұртшылық көп жиналатын орындарда көлік қозғалысын шектеп, көлік қоюға оңтайлы орындарды айқындау жоспарлануда.
Ағымдағы жылғы 4 және 5 шілдеде 17:00-ден 03:00-ге дейін мерекелік шаралар өтетін уақытта Желтоқсан-Республика-Есіл өзенінің жағалауы бойындағы көшелер жабылады.
Сондай-ақ 4-7 шілдеде сағат 18:00-ден 01:00-ге дейін Абай даңғылынан Бейбітшілік көшесі бойынша Кенесары көшесіне дейін жолда көлік қозғалысы тоқтатылады. 3-5 шілде аралығында сағат 19:00-ден 01:00-ге дейін «Астана-Арена» стадионы, «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» конькимен жүгіретін стадионының көлік қоятын орнында қозғалыс шектеледі.
Осыған байланысты, Астана қ. ІІД әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.