Астанада мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1, 2 және 3 мамыр күндері елордада мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

— Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен т. б. тауарларды сатып ала алады, — делінген хабарламада.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шара 1, 2 және 3 мамыр күндері сағат 10:00–ден 19:00–ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.

Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.

Елордада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 25 және 26 сәуір күндері өткен болатын.