Әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ұлттық конкурстың басты мақсаты — «Мерейлі отбасы» байқауының негізгі мақсаты — өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін кеңінен насихаттап, отбасы құндылықтарын, неке мен жанұяның оң үлгісін дәріптеу арқылы олардың қоғамдағы беделін көтеру және қоғамдық бірлікті нығайту.
— Конкурстың жүлде қоры: қалалық кезең жеңімпазына — 1 000 000 теңге; аудандық кезең жеңімпазына — 500 000 теңге. Өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады. Байланыс нөмірлері: 7 (700-65) 3-36-94; 7 (707-12) 7-10-47, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын елордада отбасылық форматтағы экологиялық сенбілік ұйымдастырылғанын жазғанбыз.