Астанада мопедші КамАз-ға соғылып қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда тұрғыны мопед рулін басқара алмай КамАз-ға соғылған. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

«25 тамызда сағат 21:14 шамасында мопед жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне қарай Сарайшық көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, тұрған «КамАЗ» автокөлігіне соқты. Апат салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды», - делінген елорда полициясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасында 40-тан астам адам мерт болған. 

Еске сала кетсек, бір апта бұрын Алматыда жарығы жоқ көшеде мопедші қоршауға соғылып, мерт болды.