Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 15-17 қыркүйегі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі 15 қыркүйектен бастап жабылатынын жаздық.