Астанада Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі 15 қыркүйектен бастап жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Рақымжан Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. 

Астанада Қошқарбаев даңғылының бір бөлігі 15 қыркүйектен бастап жабылады
Фото: Elordainfo.kz

— Астанада 15-20 қыркүйек күндері Рақымжан Қошқарбаев даңғылының Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы мен Абылай хан даңғылы аралығында салмақ өлшейтін датчиктерді орнатуға арналған асфальтбетон жабынан төсеу жұмысы жүргізіледі, — делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында тиісті жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, — деп ескертті әкімдіктен. 

Еске сала кетейік, Астанада биыл 50 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.