Астанада өз еркімен қару-жарақ тапсырғандарға ақшалай төлем қарастырылған - ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жалғасады. Бұл туралы Астана қаласының ІІД хабарлады деп жазады аstana.kz.

Қазіргі уақытта елордалықтар өз еркімен 28 атыс қаруын, оқ-дәрінің 1344 данасын тапсырды. Ерікті түрде өткізілетін қару-жарақ құралдарының түріне байланысты мемлекеттен әр қаруға 10-100 айлық есептік көрсеткішке дейін ақшалай төлем қарастырылған. Тіркелмеген атыс құралдарын, қару-жарақ және жарылғыш құралдарды ерікті түрде өткізген тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Қосымша ақпаратты Астана қ. ІІД 716-018, 716-170, 716-366 телефондары бойынша және www.ast.dvd.mvd.kz арнайы сайты арқылы білуге болады.