Астанада «Өз заманының жаңа қаһарманы» меморамдумына қол қойылды

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР БҒМ Жастар ісі комитеті, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі мен Республикалық «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы арасында

бірлескен іс-қимыл мен әріптестік жөніндегі үшжақты «Өз заманының жаңа қаһарманы» атты меморамдумға қол қойылды.

«Үшжақты меморандумға қол қоюдың мақсаты - отансүйгіштік рухында, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде жастарды тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік деңгейін арттыру, мемлекеттік жастар саясатын мемлекеттік тілді насихаттау бөлігінде жүзеге асыру.

Бекітілген құжат аясында көшбасшылық қабілетті дамытуға арналған «Жайдарлы Жас ұлан» жобасы қарастырылған. Осы орайда биылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептерінде бұл жоба өз жұмысын бастамақ. Ал бастама республикалық деңгейде көтеріліп, еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табады.

«Жайдарман» көңілділер мен тапқырлар ұйымын әріптестікке тартып, солармен қосыла шара өткізуді көздеп отырмыз. Бүгінде «Жайдарман» өте танымал, беделі мол және жастар арасында қазақ тілін дамытуға, ұлттық дәстүрді жеткізуге, жаңа зияткерлік деңгейді көтеруге ықпал етері де анық. Сол себептен бүгін Жастар ісі комитеті бұл бағытта бірге әріптестік орнатып, алдағы үлкен шараларды бірлесе атқармақ»,-деді Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов.