Астанада өзен бойынан жасөспірім қыздың денесі табылды: полиция қылмыстық іс қозғады

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM — Полиция Астанадағы оқушы қыздың өлімінің мән-жайын тергеп жатыр.

Әлеуметтік желіде қыздың денесі табылғаннан кейін оқиға орнында жұмыс істеп жатқан полици қызметкерлері түсірілген видео тарады.

Полицияның мәліметінше, 24 қарашада сағат 21:00 шамасында елорда тұрғыны қызының жоғалып кеткені туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған. Ол қыздың сағат 18:30–да үйден шығып кеткенін және байланыста болмағанын айтқан.

— Барлық полиция қызметкері, еріктілер және басқа да тағайындалған күштер оны іздеуге жедел түрде жұмылдырылды. Іздеу нәтижесінде мектеп оқушысының денесі өзеннен табылды, — деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Полиция суицид бойынша қылмыстық тергеуді бастады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.

Айта кетелік Ақмолада 14 жастағы қызды өлтірді деп күдікке ілінген адам қамауға алынды