Прокуратураның бастамасымен Астана ІІД Жеке қауіпсіздік басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 11 полиция қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы («Пара алу») бойынша тергеу амалдары басталған.
Полиция қызметкерлерін Астана прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеп, қылмыстық істі сотқа жолдаған.
Есіл аудандық №2 сотының үкімімен пара алып келгені үшін Астана ІІД жол-патруль полициясының 9 қызметкері және табиғатты қорғау полициясының 2 қызметкері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабына («Пара алу») сәйкес сотталып, оларға алынған параның жетпіс есе сомасы мөлшерінде айыппұл белгіленді.