Астанада педофил қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полиция қызметкерлері кішкентай қыз балаға қатысты зорлау сипатында қылмыс жасаған Жамбыл облысының тұрғынын құрықтады.

Астана қаласы аумақтық Ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегі ІІД Жедел басқару орталығының 102 қызметіне аулада ойнап жүрген кішкентай қыздың жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері ідестіру барысында бұталардың арасынан 2010 жылғы қыз балаға зорлық әрекетін көрсетпек болған ер адамды қолға түсірді.

Анық болғандай, 32 жастағы күдікті осыған дейін ҚР ҚК «Қарақшылық» бабы бойынша сотталған.

Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеулерді бірыңғай тіркеуіне алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті Астана қаласы ІІД Уақытша қамау изоляторында. Тергеу жүргізілуде.