Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz сайты жазады.
«23 шілде күні жедел іздестіру және арнайы іс-шаралары барысында Астана қаласының ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері елорда аумағында есірткі сатумен айналысқан тұлғаны ұстау бойынша арнайы операция өткізді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Полицейлердің айтуынша, 45 жасар күдіктіні ұстау барысында жалпы салмағы 1 келі 600 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затымен 40 полиэтилен қапшық табылып, тәркіленді.
Есірткі дилері Астана қаласы ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
«Қазіргі уақытта ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі жеткізу арналарын және сату схемаларын және ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған есірткі қылмыстарына қатысын анықтау үшін арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін өткізіп жатыр», - делінген баспасөз баянында.