АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында пәтер ұрлығымен айналысқан топты құрықтады.
«Топ 21 бен 24 жас аралығындағы 4 ер адамнан құралған, олардың бірі бұдан бұрын автокөлік айдап кету қылмысы бойынша сотты болған. Қаскүнемдер пәтерлерге пластикалық терезені сығымдап ашу арқылы кірген»,-деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ұсталғандар уақытша қамау изоляторына жабылды. Қазіргі таңда олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілу үстінде.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.