Мәліметтер бойынша, ішкі істер органының ардагерінің таңертеңгі жаттығу кезінде кенет жүрегі сыр берген. Оған медициналық жәрдем көрсетілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Айта кетейік, осыған дейін, яғни 17 қыркүйек күні «Алатау» спорт кешенінде тағы бір қайғылы оқиға орын алған болатын. Ол жолы 34 жастағы ішкі істер қызметкері спортпен айналысып жүрген жерінде өмірден озған.