Оқиға кеше түнде орын алған. Келеңсіз жағдайды көргендердің айтуынша, өрт алдымен көліктің моторынан шығып, кейіннен салонына тараған. Куәгерлер қымбат көлікті қайта қалпына келтіру мүмкін еместігін айтуда.
«Өрт сөндіру қызметінің кезекшілігіне өрт туралы ақпарат Астана уақытмен сағат 23-59-да түсті. Байтұрсынов көшесі бойында Porsche Cayenne маркалы автомобиль өртенген. Оқиға орнына жеткенде өрттің көліктің қозғалтышынан шыққандығы анықталды», - деді Р.Иманқұлов.
Оның сөзіне қарағанда, өрт салдарынан Porsche Cayenne-ге тақау тұрған Toyota Сamry, көлігінің артқы бампері зақымданған.
«Өрт сағат 00:10-да басылып, 00:12-де толық өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады ресми өкіл.
Айта кетерлігі, оқиға орнында жеке құрамның 12 маманы мен 2 техникасы жұмыс істеді.