Биыл А.Иманов көшесінен теміржол вокзалына дейінгі учаскеде жүргізу жоспарланып отыр.
Жұмыстардың бірінші кезеңі А.Иманов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта 8-14 сәуір күндері басталады деп жоспарланып отыр. Осы кезеңде автокөлік қозғалысы ішінара және кезең-кезеңімен шектелетін болады.
Абай даңғылынан теміржол вокзалына дейінгі келесі учаскеде жұмыстардың жүргізілу мерзімі мен енгізілетін шектеулер туралы қосымша хабарланады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастырудағы мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Осыған дейін Астанадағы 17 паркинг жеке меншікке сатылатынын жаздық.