Астана ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Алаш көшесінде орналасқан «Шанхай» базарында контейнердің өртенгені туралы хабарлама сағат 17.52-де түскен.
«Оқиға орнына келген кезде контейнерлердің біріндегі құрылыс материалы - рубероидтың жанып жатқаны анықталды. Өрт шарпыған алаң 15 шаршы метрді құрады. Жалын 18.03-те ауыздықталды, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады полициядан.
Шығын сомасы анықталу үстінде.