Астанада Сығанақ көшесінің учаскесі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — 5-7 шілде аралығында Сығанақ көшесінде Арыс көпірінен (М-3) Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Фото: Kazinform

Осыған байланысты автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Осы ретте жарияланымда көрсетілген оң жақ съездер көлік қозғалысы үшін жабық болады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі ішінара жабылатыны туралы жазған едік.