«Таңертеңгі уақытта жол полициясы «кішкентай жолаушыларды» ұстап отыратын арнайы құрылғыларсыз тасымалдаған жүргізуші-ата-аналарды анықтау мақсатында қалалық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің маңында кезекшілік жүргізді. Іс-шара кезінде инспекторлар жүргізушілермен алдын алу мақсатындағы тақырыптық ескертпелер мен үнпарақтарды таратып, әңгіме жүргізді. Ал бүлдіршіндерге ашық түсті киім кигізілген бойлы қуыршақтар, тәтті сыйлықтар таратты», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 айында астана жолдарында балалардың қатысуымен 80 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 2 бала қаза тапты, 80-і әртүрлі жарақат алды.
Астана қаласы жол полициясы басқармасы жолдардағы қауіпсіздік шараларын есте ұстауға шақырады: балаларды өз тізелеріңізге отырғызып тасымалдамаңыздар - апат болса, сіз оны ұстап қала аламйсыз, қайта қысып тастайсыз; баланы ұстап тұратын арнайы құрылғысыз штаттық қауіпсіздік белбеуімен бекітпеңіздер - белбеу ересек адамға арналған, сондықтан ол баланы қорғап қалмайды; ересек адам мен баланы бір белбеумен бекітпеңіздер; балаға жүргізушінің арт жағында, алдыңғы орындықтардың арқалықтарының аралығында тұруға рұқсат етпеңіздер; балаға қозғалысқа қарсы отыруға рұқсат етпеңіздер - қақтығысқан жағдайда бала шүйдесімен құлайды.