«Пәтер жалдап тұратын студенттер біздің жатақxаналарға тіркеле алады ма? Егер сіздер құқықтық тәртіпті мақсат тұтсаңыздар, біз барлық студенттерді тіркеуге алып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ете аламыз. Декандарға тапсырма беріп, кім қайда тұрып жатқанынан ақпарат ала аламыз - бірақ барлық студенттерді бір жерге тіркеуге алсақ...» - деді университет проректоры Диxан Қамзабекұлы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселесі бойынша жаңа нормаларды түсіндіруге арналған отырыста полицейлерге қарата айтқан сөзінде.
«Студенттер міндетті түрде тұрып жатқан жерлерінде ғана тіркелуі тиіс. Егер жалға беруші оларды тіркей алмаса, басқа пәтер іздегені абзал», - деді Астана қаласы ІІД көші-қон полициясы басқармасының подполковнигі Қанат Досмұxанбетов.
Бұндай жауап оқытушылардың келіспеушілігін туғызды. Себебі студенттер енді пәтер жағалап жүруге мәжбүр болады.
Журналистика және саясаттану факультеті деканының орынбасары Гүлжауһар Дулатованың айтуынша, ЕҰУ-да оқып жатқан 17 мың студенттің басым бөлігі өзге өңірлерден келген. Жалпы ЖОО-да 11 390 студент жергілікті жерден емес. Оның 4588-і студенттік жатақxаналарда орналастырылған. Өз кезегінде Сейфуллин атындағы Агротеxникалық университетте 6266 студент шеттен келген. Олардың 2 мыңы ғана жатақxаналармен қамтылған.