2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Астанада су желілерін жаңартуға 15,7 млрд теңге инвестиция бағытталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада су құбырлары мен кәріз желілерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы бес жылда бұл бағытқа 15,7 млрд теңге бөлінеді. Қаражат ескірген құбырлар мен жабдықтарды ауыстыруға, апаттарды азайтуға және қала тұрғындарын сумен тұрақты қамтуға жұмсалады.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бүгін осы жұмыстардың барысын көрсету үшін баспасөз туры өтті. Журналистер Қараөткел шағын ауданындағы су құбыры желілерін жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сондай-ақ шарада кәсіпорын сатып алған арнайы техникалар көрсетілді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Биыл бұл мақсатта 4,9 млрд теңге қарастырылған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Қаражаттың бір бөлігі 800 метр кәріз желісін салуға жұмсалып, бұл жұмыс толық аяқталған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Тағы 6,9 шақырым ескі әрі жиі апат болатын су желісін жаңарту жоспарланған. Оның 5,4 шақырымы жаңартылды. Бұл жұмыстарға 2 млрд теңге жұмсалған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бұдан бөлек, 8 нысандағы 20 сорғы, сондай-ақ кәріз жүйесіндегі тағы 11 сорғы жаңартылады. Оған 600 млн теңге бөлінген. Кәсіпорын жаңа арнайы техника мен қажетті жабдықтар да сатып алып жатыр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Мамандардың айтуынша, ескі құбырларды жаңарту қаладағы апат санын азайтып, судың үздіксіз берілуіне мүмкіндік береді.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін апаттық жағдайлар айтарлықтай азаяды деп күтіледі. Барлық құбыр жаңартылған соң, олар шамамен 20 жыл бойы қалыпты жұмыс істей алады. Қазір қала тұрғындарынан тәулігіне орта есеппен 50-ге жуық апатқа қатысты өтініш түседі. Жаңғырту нәтижесінде бұл көрсеткішті 20 пайызға төмендетуді жоспарлап отырмыз, — деді «Астана су арнасы» МКК бас директорының бірінші орынбасары Ержан Шәріпов.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

2021-2025 жылдары «Астана су арнасының» инвестициялық бағдарламасына 10,2 млрд теңге жұмсалған.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталғаны туралы жазған едік.