«Жүргізуші ақшаны қайтарды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінде.
Еске салсақ, 6 маусымда сағат 14.00-дер шамасында полицияға Венгрия азаматы жүгінді, такси жүргізушісі оны алдап, баратын жеріне жеткізгені үшін 40 000 теңге алған .
Полицейлер ізінше 33 жастағы такси жүргізушісін ұстады. Ол шетелдікті алдап, әуежайдан Желтоқсан көшесінде орналасқан қонақүйге дейін әкелгені үшін 40 000 теңге алған.
Такси жүргізушісі жеке адам тасу үшін тіркелгені белгілі болды. Факті «Алаяқтық» бабы бойынша Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді.