Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кешкі сағат 21.00-дер шамасында Жедел басқару орталығына қала тұрғыны таксиде сөмкесі (ішінде ноутбук, планшет, ойын қондырғысы) қалып кеткенін, көлік жүргізушісі оны қайтарып беру үшін 100 мың теңгедей ақша талап еткенін айтып шағымданған.
«Жәбірленуші әйел «Lada Priora» маркалы автокөлікке Indriver сервисі арқылы тапсырыс берген. Баратын жерге келген соң, ол автокөліктен түскен кезде жүргізуші орнынан тез жүріп кеткен. Әйел сөмкесін алып үлгермеген», делінген хабарламада.
Полиция автокөлікті анықтап, жүргізушіні ұстады. Салонның ішінен жолаушының жеке мүлкі табылып, иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.