АСТАНА. KAZINFORM – Талдыкөл көлінің аумағында құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтану алдын ала 1700 шаршы метр алаңда оқшауланған. Тұрғындарға қауіп жоқ.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.