Астанада Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына орай кеш өтеді

Фото: Қазақконцерт

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада  Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына орай шертпе күйдің шебері, ҚР Мәдениет саласының үздігі  Қайрат Айтбаевтың «Сарыжайлау» атты музыкалық-поэтикалық шығармашылық кеші өтеді. 

Оған арнайы қонақ ретінде шақырылған ақын ақын Тілеубек Батысұлы,Төлеген Миллат, дәстүрлі әнші Сержан Мұсайын, әнші Күнсұлу Түрікмен, күйші Мұрат Сұлтанбай, Айтолқын Тоқтаған, Венера Табыс, Айдос Саниязбекұлы, Жақанов Нұрмұханмет, жас талапкер күйші, «Өз елім» Республикалық конкурсының бас жүлдегері Әлихан Молдабекұлы сияқты майталмандар өз өнерлерін ортаға салады.

Сондай-ақ кеште жас ақындар жыр оқиды.

Кеш жүргізушісі – нәзік лирикалық жырларымен танылған, жас буын поэзиясының жарқын өкілі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі ақын Ұмтыл Зарыққан.

Құрметті қонақтар ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәулескер күйші, музыкатанушы ғалым Жанғали Жүзбай, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері – Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов қатысады.

- Бұл кеш – күй мен жырдың, ұлттық өнер мен поэзияның тоғысқан ерекше мерекесі!, - дейді ұйымдастырушылар.

Мәдение іс-шара 16 қазан күні Астанадағы Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт залында сағат 19:00-де басталады.

Осыған дейін ҚР Ұлттық музейде «Оғыз далалық мәдениетінің іздері» атты халықаралық көрме өтті.