Соққыдан кейін жүк көлігі жол қоршауын бұзып, көпірден құлап кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, Tesla көлігін 49 жастағы әйел басқарған. Ол жолайрық арқылы көпірге көтерілер тұста негізгі жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген.
— Салдарынан көліктер соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын бұзып, көпірден құлап кетті, — деп хабарлады полиция.
Жүк көлігін басқарған 71 жастағы жүргізуші медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда жүк көлігі көпірден құлағанын хабарлаған едік. Жолдан шығып кеткен жүк көлігі суға батып кете жаздаған.