«Қазіргі уақытта біз тұрғын үй тұрғындарымен жиналыс өткізетін боламыз. Егер аулаларда орнатылған бейнебақылау камераларының бұзылғандығы анықталатын болса, оны жүзеге асыруы тиісті компаниялармен жұмыс істейміз. Ал тұрғындардың төлеп қойған ақшалары өтелетін болады», - деді жергілікті полиция бастығы.
Азамат Садықовтың айтуынша, полиция қызметкерлері дүкендердің, көңіл көтеру және басқа да орындардың қожйындарымен бейнебақылау камераларын орнату үшін арнайы жұмыстар жүргізетін болады. Мұндай қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар аясында аталған нысандарға темір тор орнату да көзделіп отыр.
Айта кетерлігі, бүгінгі күні елордада Жедел басқару орталығына қосылған 700-ден астам бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.