Астанада ҰҚҚ қызметкерінің мәйіті табылды
00:48, 22 Сәуір 2025
АСТАНА.KAZINFORM — 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
— Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, — делінген хабарламада.