Анықтамалық-энциклопедиялық жинақ «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның қазақстандық ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, сонымен қатар Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолдауымен жарыққа шықты.
Шараға әйгілі ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров пен бұрынғы ішкі істер министрі, Халық қаһарманы Қайырбек Сүлейменов қатысты.
«Бұл келесі ұрпаққа үлкен өнеге. Осындай ерліктің арқасында, осындай азаматтардың арқасында бүгін егемендікті алып, үлкен бір жарқын мемлекет болып, дамып жатырмыз. Мен өз атымнан, сондай-ақ әріптестерімнің атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Халық қаһармандарына тағзым етіп, кітап шығару бастамасын көтерген ұжымға алғысымды білдіргім келеді», – деді министр Марат Ахметжанов.
Шара барысында ІІМ ардагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Болсамбеков ведомство мұражайына тарихи энциклопедияны сыйға тартты.
Экс-министр Қ.Сүлейменов: «Мұндай кітаптар бірінші кезекте біз үшін емес, жастарымыз үшін, жеке құрам үшін және жалпы мемлекетіміздің жас буынына арналады», – деп атап өтті.