«Ұлыбритания Қазақстанның сотталғандарға қатысты пробация жүйесін енгізу бойынша жасап жатқан қадамдарын дұрыс деп санайды. Пробация жүйесі тиімді екенін білеміз. Себебі ол басты үш нәтиже береді: ел мен қоғамға қауіпсіздік әкеледі, үздік пробация мен сотталғандарды оңалту жүйесі олардың қоғамға жылдам бейімдейді, үшіншіден, бұл бюджет қаржысын үнемдейді, себебі сотталғандар саны азайып, мемлекетке салмақ азая түседі», - дейді Ұлыбританияда пенитициарлық жүйесі реформасының сарапшысы Джонатан Айткен.
Д.Айткеннің пікірінше, Қазақстан түрме жүйесі реформасын жетілдіре түсу қажет.
«Адам қателік жасап, түрмеге түседі. Қоғам құр жаза қолданып қана қоймай, одан да үлкен істер жасауы тиіс. Сондықтан әлемде осы мәселені шешудің жаңа жолдарын іздеуде және мен Қазақстанның бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасақтап жатқанына қатты ризамын», - дейді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесінің басшысы Дьердьду Сабо.
Айта кетейік, «Пробация туралы» заң ҚР Парламентінің қарауына 2016 жылдың қыркүйегінде түсуі тиіс.