— Қ.Мұнайтпасов көшесі, М.Жұмабаев даңғылы және Абылай хан даңғылының қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты аталған учаске 20 тамыз сағат 23:00–ден 21 тамыз сағат 06:00–ге дейін, сондай-ақ 21 тамыз сағат 23:00–ден 22 тамыз сағат 06:00–ге дейін ішінара жабылады. Күндізгі уақытта қозғалыс ашық болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бұдан бұрын елордада жол жөндеп жатқан жұмысшыларды автокөлік қағып кеткені анықталды. Оқиға салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.