Бұл туралы қалалық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Үш күндік акция қорытындысы бойынша елордалық полицейлер 3 мыңнан астам ереже бұзушылықтарды анықтады. Соның ішінде 50 жүргізуші ішімдік ішкен болса, жүргізуші құқығынан айырылған 19 адамның көлік құралдарын басқаруы орын алған. Сонымен қатар, жол ережесін бұзу фактілері бойынша қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетудің - 22, қауіпсіздік белбеуін тақпаған - 264, жылдамдықты арттырған - 449, рульде отырып ұялы телефонмен сөйлескен 207 факт тіркелген. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуға қатысты 76 оқиға анықталды», - делінген баспасөз баянында.
Еске салайық, «Мас жүргізуші - қылмыскер!» атты алдын алу шарасы 25-27 шілде аралығында Астана қаласы аумағында өтті. Акция мақсаты елорда аумағында орын алатын апаттар санын азайту мен автокөлік қозғалысындағы тәртіпті күшейту болып табылады.