Астанада үш жаңа автобус бағдары іске қосылады

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 29 қарашадан бастап қоғамдық көліктің желісіне үш жаңа маршрут қосылады, деп хабарлайды CTS.

Бағдарлар бағыттары:

* № 65 бағдар – Болашақ көшесі – «Отау» шағын ауданы;
* № 68 бағдар – «Газмашаппарат» АҚ – «Бағыстан» тұрғын үй кешені;
* № 78 бағдар – Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі қатынасымен жүреді.

Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысаны арқылы жүреді.

Мысалы, №65 бағдар жаңадан ашылған С.Шаймерденов көшесімен қатынайды, №68 бағыты «Бағыстан»ТК қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзірбаев және М.Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді.

Жаңа бағыттардың жұмысы жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қоғамдық көлікпен қамтуды жақсартуға бағытталған.

Қозғалыс сызбаларын Avtobys қосымшасынан көре аласыздар. 

Фото: CTS
Фото: CTS

Айта кетелік Елорданың жасыл аймағына қойылатын санитарлық талаптар күшейтіледі